
Жыл басталғалы – 32 медаль!
Алматы қаласында қазіргі бессайыстан Қазақстан Республикасының ашық кубогы өтті. Аталған жарыста еліміздің бірнеше облысынан 120 спортшы бақ сынады. Жарысқа Өзбекстанның Ташкент қаласынан да құрама команда келіп қатысты. Бұл жарыстың бәсі жоғары екенін осыдан да біле беруге болады. Бұл сайыстан әртүрлі жас ерекшелігі бойынша облыстағы «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаттықтырушысы С.В.Селиверстованың шәкірттері жақсы нәтиже, жоғары жетістікпен оралды. Атап айтқанда, М.Афанасьев, А.Лапшин, Н.Базархан, А.Серікбай, А.Жирякова, А.Қазыбекова, Д.Щедрова, эстафеташы А.Карим жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Осы жарыстан соң жамбылдықтар рейтингте көрсеткіштерін жақсарта түсті. Олар 12 алтын, 11 күміс, 7 қола медальді еншіледі.
Сондай-ақ Астана қаласында жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өткен болатын. Оған еліміздің барлық облыстарынан 272 спортшы қатысты. Аталған жарыста біздің орталықтың спортшысы Ринат Кулыгин 2 мың және 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден ел чемпионы атанды. Жаттықтырушысы – Зифа Галиулина. Ринаттың Меркі ауданындағы №4 спорт мектебінің түлегі екенін де айта кеткеніміз жөн.
Сондай-ақ қордайлық Виктория Сукачева, 800 метрге жүгіруден төртінші орыннан көрінді. Ал Ульяна Лешинская алтыншы орынмен шектелді. Екеуі де А.Ахметова бапкерден тәлім алған. Осылайша жыл жеңіспен басталды.
Әшірәлі КЕНЖЕҒАРА,
«Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының» қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Үстел теннисінің үміттері
- 10 маусым, 2025
Ералы Тұңғыш: «Ұлттық құрамада ойнау — негізгі арманым»
- 2 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді