Спорт және туризм
Абиба Әбужақынова дзюдодан Алмада Гран Приінің жеңімпазы атанды
- author «Ақ жол»
- 28 қаңтар, 2023
- 900
Абиба Әбужақынова дзюдодан Алмада Гран Приінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Португалияда дзюдодан өтіп жатқан Гран При бәсекесінде чемпион атанды. 27-29 қаңтар аралығында Алмада қаласында өтіп жатқан татами шеберлерінің турниріне Қазақстан спортшылары толық құрамда барды. Әйелдер арасында 48 келіде күрескен Абиба Әбужақынова пен Ғалия Тынбаева финалға дейін сүрінбей жетті.
Алтын үшін белдесуде қос спортшы өзара мықтыны анықтап, нәтижесінде әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Әбужақынова жеңімпаз атанды.
Бүгін Португалия Гран Приінде 73, 81, 90 келіге дейінгі салмақтағы спортшылар күреседі. Олардың қатарында Жайнсай Смағұлов, Аңсарбек Ғайнуллин, Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерденов, Дана Әбдірова, Севара Нышанбаева, Есмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева сынды спортшылар бар.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




