Спорт және туризм
Қоғамдық бақылаудың нәтижесінде ArtSport жобасын жүзеге асыру барысында қаржы жымқыру жағдайлары анықталды
- author «Ақ жол»
- 27 қаңтар, 2023
- 965
Қоғамдық бақылаудың нәтижесінде ArtSport жобасын жүзеге асыру барысында қаржы жымқыру жағдайлары анықталды
ArtSport жобасының жүзеге асырылуын бақылау нәтижесінде қаржы жымқыру фактілері анықталғанын хабарлады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов хабарлады.
«Мәселен, Шымкентте бағдарламаның 8 орындаушысынан 56 млн теңгеге заң бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде 30,7 млн – процессуалдық бұзушылықтар, ал 25,4 млн теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Біз бұл мәселені 2022 жылдың наурыз айында анықтап, нақты фактілер бойынша жымқыруды бірінші болып көрсеттік. Қоғамдық мониторинг қорытындысы басқа өңірлердегі түрлі құзырлы органдарына жолданып, қомақты қаржы жымқыру жағдайлары жайлы хабарланды», - деді спикер.Бұл ретте ол азаматтардың сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысуы миллиардтаған қаржыны жымқыру мен бақылаусыз қалуын тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар лауазымды тұлғалар тарапынан заң бұзушылықтардың алдын алуға, түрлі жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектескенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




