- Advertisement -

Таяқтау – оңай, тәрбиелеу – қиын

125

- Advertisement -

Қазіргі таңда қоғам жұртшылығының назарын аударып отырған мәселенің бірі – инклюзивті білім беру. Ол дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі балаларды білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік ортаға бейімдеу, олардың жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына, географиялық тұратын жеріне, ақыл-есінің жағдайына қарамастан, жалпы білім беретін мектептерде
өз қатарластарымен бірге білім алуына жағдай жасау, өздерінің потенциалдық даму мүмкіндіктеріне ие болуға көмектесу.

Жалпы білім беретін мектептер баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге арнайы жоспар құра отырып жұмыс жасайды. Тараз қаласында 2020 жылдан бері 4 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды.

Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту әр баланың мұқтаждығын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дaмытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетіcтікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір
сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балалардың тұлғалық мүмкіндіктерін кеңейте отырып, ізгілік, төзімділік, қатарластарына көмектесу сияқты қасиеттерді дамытуға болады. Дана халқымыз «Таяқтау — оңай, тәрбиелеу – қиын» деген екен, сондықтан келешек ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру — біздің басты міндетіміз.

Айдана  МЕЙІРҚҰЛ

психолог

Тараз қаласы  

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support