Саңлақтарымыз есе жібермейді деп сенеміз!
Былтыр күзге жоспарланған ХІХ Азия және Азия Паралимпиада ойындары ағымдағы жылдың 22-28 қазан күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Осылайша, аспан асты елі байрақты бәсекені екінші рет өткізу мүмкіндігіне ие болып отыр. Еске салсақ, 2010 жылы ойындарды Гуанчжоу қабылдаған болатын.
Байрақты бәсекеде біздің өңірдің спортшылары да өнер көрсетеді деп сенеміз. Ол үшін ең әуелі ел біріншілігінде топ жаруы шарт. Өзгесін айтпағанда, олимпиадалық спорт түрлерінен сынға түсетін саңлақтарымыз оқ бойы озық шығады деген үміт мол. Солай болған күнде, көк Байрағымыздың Париж төрінде желбіреуіне мүмкіндік туатыны сөзсіз. Өткен жылы оқу-жаттығу жиындарында аянбай тер төккен біздің жігіттер бұл жылы да босаңси қоймас. Лайым, жеңісті күндеріміз көп болғай!
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




