Cамбошы Арман Оспанов әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы болды
- author «Ақ жол»
- 24 қараша, 2014
- 687
Қазақстандық Арман Оспанов әскери самбодан 68 келіге дейінгі категорияда екінші рет әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жапонияда өтіп жатқан біріншіліктің финалында Арман Оспанов Түркменстанның атынан шыққан Ниязмұрат Шахмұрадовты сенімді түрде жеңді. Кездесу 6:0 есебімен аяқталды. Айта кетейік, әскери самбодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы командалық медаль есебінен Ресей мен Болгариядан қалыс қалып, үшінші орын алды. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Арман Оспанов осымен әлем біріншілігінің екі мәрте чемпионы болып отыр. 2013 жылғы әлем чемпионатында ол ресейлік самбошы Руслан Гасанхановты тізе бүктірген еді. Бірақ қазылар алқасының шешіміне қарсы болған Ресей спортшысы күрестен бас тартты. Ол қазақстандықтан 3:7 есебімен қалыс қалып келе жатты да төрешілердің тағы бір шешімінен соң күресті жалғастырмайтынын мәлімдеген болатын.
Арман Оспанов көпшілікке ММА төбелестерінде көрсеткен өнерімен танымал бола түсті. Ол - Alash Pride қазақстандық клубының мүшесі. Спортшының айтуынша, ережесіз жекпе-жекке қатысу әскери самбодағы көрсеткішін көтеруге септігін тигізіп жатыр.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




