«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Орта білім беру саласындағы үздік

Орта білім беру саласындағы үздік
ашық дереккөз
Орта білім беру саласындағы үздік
Қазіргі уақытта барлық салада интеграциялау үрдісі қызу жүріп жатыр. Бұл құбылыстан, әлбетте, Қазақстандағы білім беру жүйесі де сырт қалмауда. Халықаралық білім кеңістігін құру дегеніміз – әртүрлі ұлттық білім беру жүйелерін мүмкіндігінше жақындастырып, бір-бірімен толықтырып, әлемдік деңгейде мықты әлеуметтік жүйе жасау. Себебі болашақ педагог мамандар еліміздегі білім беру жүйесінің жаңа талаптарына сай даярлануы қажет. Сондай-ақ ондағы мәселелерді жетік біліп, шетелдік тәжірибелерді алмасуға қабілетті және әлемдік деңгейде білікті болуы шарт. Осы мақсатта әлемдік тәжірибедегі білім беру жүйесімен толығырақ танысу керек. Сол мақсатта әлем елдеріндегі тәжірибелерді біраз зерделеп көрген едік. Ұлыбритания білім беру жүйесінің даму сипаты көптеген ғасырларға созылған, қазір сапалы білім беретін елдің бірі ретінде есептеледі. Мұнда білім беру бағдарламасы мемлекет тарапынан реттеліп отырады. Ұлыбританияда білім алу 5 жастан 16 жасқа дейін міндетті және ол мемлекеттік – state schools (ақысыз) және жеке – independent немесе private schools (ақылы оқу орындарында) деп аталатын мектептерде жүзеге асырылады. Жеке мектептер арасында мектеп-пансиондар (Boarding School) кең таралған, мұнда оқушылар оқу жылының барлық кезеңдерінде соның ішінде тұрады. Италияда 1999 жылы мектептік білім беруде жас мөлшері 18 жас туралы №9 заңда енгізілген болатын. 2000 жылы ақпан айында бұл заңға мектептік білім беру жөнінде №30 заңда өзгертулер енгізген. 2001-2002 оқу жылына сәйкес мектептік білім берудің екі дәрежесі енгізілген: базалық мектеп (1-7 сыныптар) және толық орта мектеп (8-12 сыныптар). Базалық мектепке 6 жастағы балаларды бастауыш мектепке қабылдайды. Финляндиядағы білім жүйесі сәтті және дер кезінде реформалау нәтижесінде талай жетістіктерге жетті: экономиканың өсуіне, елдің әлеуметтік дамуына, технология мен ғылыми зерттеулерде инновациялық пәрменді саясатты жүзеге асыруға, сөйтіп бүгінгі таңда әлемнің ең озық өркениетті елдері қатарынан көрінуде. Бұл ел білім саласын дамытуға бүкіл қоғамды жұмылдырды, мемлекеттік қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінді, мұғалімдердің айлық жалақысы 2-3 мың еуроға өсті, оқушылар мен студенттерге стипендия тағайындалды, оларға тұрғын үй үшін айына 500 еуро бөлінеді. Оқушылардың дене шынықтыруы, денсаулығына қамқорлық жасау, үй тапсырмасын азайту, салауатты өмір салтын қолдау, білім берудің ең соңғы ғылым мен технология жетістіктерімен кіріктіру, оқу үдерісін ірі технополистер аясында өткізу арқылы қол жеткізуде. Оңтүстік Кореяда барлық мектептерде білім беру ісі үкіметтің қатаң бақылауында. Әр оқу жылының соңында ең жақсы мектептердің тізімі жасалады. Жоғары оқу орнына дейінгі үш сыныпта оқу тек ақылы. Сынып нөмірленуі жапон тіліне ұқсас. Кореяда мектепке сізбен бірге тамақ ішу әдеттегідей емес, балалар мұғалімдермен бірге, бірдей тағамдармен тамақтанады. Балалардың барлығы дерлік мектептен кейін қосымша жұмыс істейді, бұл хеквон деп аталады. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда ағылшын тілі мен математика пәні бойынша 100 ұпай ана тілі мен ғылым блогына қарағанда жоғары бағаланады. Балалар оқу үлгеріміне қарамастан келесі сыныпқа көшіріле береді. Израильде балалардың көпшілігі мемлекеттік зайырлы және мемлекеттік діни оқу орындарында оқиды – сәйкесінше 70 пайыз және 25 пайыз. Қалған балалар православиелік-діни дербес білім беретін мектептер мен жекеменшік мектептерде оқиды. Израильде әйелдер, ерлер және аралас мектептер бар. Бастауыш мектеп – 6-сыныпқа дейін. Израильдің жалпы білім беретін мектептерінде оқу үлгерімі мен қабілеті әртүрлі балалар бір сыныпта оқиды, сондықтан кейбір пәндер әртүрлі деңгейде оқытылады, сыныптар екі-үш топқа бөлінеді. Жыл сайын ата-аналарға төлемнің максималды мөлшері жарияланады, ал егер отбасы төлем қабілеті болмаса, бала бәрібір сабақтан шеттетілмейді және мектептен тыс жұмыстардан айырылмайды – бұған тыйым салынады. Түркия. Бұл елде лицей деп аталатын бастауыш, орта және жоғары мектептерге әрқайсысына төрт жыл бөлінген. Білім беру мекемелері мемлекеттік және жеке болып табылады. Соңғыларының бірнешеуі бар және олар танымал. Түркияда 3-4 жас аралығындағы балалар үшін міндетті дайындық мектебі бар. Онда оларға түрік және ағылшын тілдері, математика, музыка пәндері оқытылады. Бұл мектептердің көпшілігі жекеменшік. Бастауыш сыныпта балаларда дене шынықтыру сабағы болмайды. Мемлекеттік мектептерде бір ауысымда оқығанда сыныпта 40-50 бала болуы мүмкін. Бүгінде ел мен елді теңестіретін де, бәсекелестіретін де білім. Мына жаһандану кезеңі мен өзгермелі өмірде бәсекеге төтеп беріп, өркениет көшінен қалмау үшін білім мен ғылымды дамыту керек. Еліміздің білім беру жүйесін жақсарту мен жаңғырту мақсатында әлемдік білім беру кеңістігіне еніп, әлемдік тәжірибеге сүйену үрдісі кең өріс алып келеді.  

Анар АСПАН.

Ұқсас жаңалықтар