
Мас күйінде көлік басқарған 14 жүргізуші анықталды
Бүгінгі таңда облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсаты – көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Рейдтік жұмыстар барысында тәртіп сақшылары 824 қараусыз қалған тұрғын үй мен саяжайларды аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған 1 200-ден астам азаматтың тұрғылықты жері мен 380 жалдамалы пәтерлер мен көп адам шоғырланатын аймақтар тексерілген.
Нәтижесінде 19 қылмыс ашылған. Бұдан бөлек, 1 626 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, масаң күйде автокөлікті басқарудың 14 дерегі тіркелген. Ал ұсақ бұзақылық жасаған 124 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Ұқсас жаңалықтар
Жазушы Кемел Тоқаев өмірінің ащы шындығы
- 19 сәуір, 2025
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді