«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бап емес, бақ шапты

Бап емес, бақ шапты
ашық дереккөз
Бап емес, бақ шапты

«Тараз» пенальтидің арқасында премьер-лигада қалды

Футболдан ағымдағы маусымда премьер-лигада ілініп-салынып ойнаған «Тараз» футбол клубы премьер-лигаға жолдама берер матчта Шымкенттің «Қыранын» әупірімдеп жүріп, ойын соңынан кейінгі пенальтиден ұтты. Елордадағы «Астана арена» стадионында өткен матчта футболдағы «сен соқпасаң, саған соғады» қағидаты айна-қатесіз орын алды. Төреші ысқырығы естіле салысымен алдыға лап қойған шаһарымыздың бас командасының ойыншылары тамаша мүмкіндіктерді мүлт жіберді. Нысананы дәл көздей алмай жерлестеріміз алқынып қалған сәтте «Қыран» шабуылшысы Санат Жұмаханов есеп ашты. Оның аяғына допты Мұрат Онал салып берді. Істің насырға шапқанын түйсінген «Тараз» ойыншылары шабуылды үдете түсті. Қос қаптал арқылы бірінші лига командасын қыспаққа алған жерлестеріміз екінші тайм ортасына таяған тұста таразы басын теңестірді. Голдың авторы – Александр Яровенко. Таблодағы бұл көрсеткіш матч аяқталғанша өзгеріссіз қалды. Қос команда ойыншылары экстра таймда да гол соға алмай әлек болды. «Тараз» ойыншылары ойындағы үстемдікке ие болғанымен, «Қыранды» бірде қақпашы, бірде қақпа бағаны құтқарып жатты. Ойын соңынан кейінгі лотореяда қарсы­­лас­тарына қарағанда мерген­діктерімен танылған «Тараз» ойын­шылары ойын соңынан кейінгі лотореяда қарсыластарына қарағанда мергендіктерімен танылған «Тараз» ойыншылары 3-1 есебімен басым түсіп, премьер-лигадағы орнын сақтап қала алды. Биылғы маусымды сүреңсіз өткізген коман­­дамыз келесі жылы да аутсайдерлер санатында қалып кетпесе деген игі тілек бар...

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар