Автокөлікті мас күйінде басқару дерегі анықталды
Жамбылдық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері автокөлікті мас күйінде басқару дерегін анықтады. Облыс орталығында «ВАЗ-21099» маркалы жеңіл автокөлікті тізгіндеген 46 жастағы ер азамат шағынаудандағы тұрғын үйлердің біріне тоқтап, көліктен шығып, қашып кетпек болды. Кейін белгілі болғандай, жүргізушінің 2017 жылы сот шешімімен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам рульде орташа дәрежелі мас күйінде болған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




