Сотталғандар салауатты өмір салтын ұстанады
ҚАЖ саласының негізгі мақсаты - сотталғандарды қамауда ұстап, жазалау емес. Керісінше, оларды оқшауламай қоғамдық өмірге бейімдеу әрі бостандыққа тезірек шығу мүмкіндігін ұсыну.
Құқық қорғау қызметкерлері тарапынан жазасын өтеушілердің қайта қылмысқа бармауы үшін әлеуметтік-құқықтық көмектер беріліп, олардың мамандық алуына жағдай жасалады. Ал түзеу мекемелеріндегі сотты болғандардың демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер мекеме әкімшілігі бекіткен кестеге сай, әр аптаның демалыс күндері бұқаралық спорттан өзара сынға түседі. Кіші футбол, волейбол, баскетбол т.б. спортттың түрінен кім мықтыны анықтап, салауатты өмір салтын ұстанады.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар олардың өзара тіл табысуына және сыртқы қоғаммен байланысын үзбеуіне үлкен септігін тигізеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




