Салауатты өмір салтын берік ұстанады
Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты – өз халқының денсаулығын жақсарту. Себебі, денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Ал қарапайым халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді міндет тұтқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің спортпен шұғылдануы әрі ширақ болуы бәрінен маңызды. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері салауатты өмір салтын әрдайым ұстанып, бұқаралық спортпен шұғылдануды әдетке айналдырған. Мекеме қызметкерлері қиындығы көп қызметтен қолы қалт еткен жағдайда, облыс орталығындағы шағын алаңшаларда кіші футбол ойнап, өзара кім мықтыны анықтайды. Сондай-ақ әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері өзге де әріптестерімен бірлесе дене шынықтыру жаттығуларын жасайды. Өз кезегінде мұның бәрі олардың жұмыста сергек, қызметте жауапты болуларына зор ықпал етуде.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді