Сандуғаш Сейдіш – Әлем чемпионы
Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті, талантты спортшының бірі – Сандуғаш Сейдіш. Ол – армрестлингтен (қол күресі) Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Соңғы екі жылда жеткен жетістіктері өте көп. Атап айтар болсақ, Алматыда әйелдер арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, Швецияда әйелдер арасында өткен Әлем кубогының жеңімпазы. Мұның бәрі ең бәсі жоғары жарыстың алдындағы дайындық екен.
Сандуғаш биыл Түркияда өткен Әлем чемпионатында нағыз бабында екенін байқатты. Ол оң және сол қолдарына да қарсылас шыдатпай, екі дүркін Әлем чемпионы атанды. Түркия төрінен жарқыратып екі алтын медаль тағып қайтты. «Спортта әр жеңіс оңайлықпен келмейді. Мені қолдаған ата-анама, осы институттың басшылығына, бапкерлеріме, жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін. Елдің сенімін ақтағаныма қуаныштымын», дейді екі дүркін Әлем чемпионы Сандуғаш.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




