Министрдің марапатын алған студент
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, қазіргі таңда талантты жастарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жарқын жол ашылған. Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері де бар мүмкіндікті пайдаланып, көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Сондай студенттің бірі – Аружан Кеңес. Ол аталған оқу ордасының «Екі шетел тілі: ағылшын-түрік тілі» мамандығындың 2-курс студенті. Осы кезге дейін қазақ және орыс тілдерін толық меңгерсе, енді ағылшын, түрік тілдеріне ден қойып, төрт тілде сөйлеп жүр. Көп тіл білгеннен бөлек, Аружанның өз ана тілін ардақтайтын, қазақ тілінде шығарма, эссе жазатын да ерекше қабілеті бар. Жақында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің арманымдағы Қазақстан» республикалық эссе байқауын ұйымдастырған болатын. Міне, осы байқауда бақ сынаған Аружан Кеңес жеңімпаз атанды. Жас қаламгердің эссесінде елдің бүгінгі жеткен жетістігі, мемлекетіміздің әлем алдындағы мәртебесі кеңінен көрініс тапқан.
Осы жеңісіне орай Аружан Кеңес ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиевтің қабылдауында болып, министр Саясат Нұрбектің атынан арнайы диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бұл жеңіс Аружанды қанаттандырып, шығармашылыққа деген сенімін оятып отыр. Ол алдағы уақытта да бірнеше байқауға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуді көздейді.
«Бұл жеңісімді әуелі ата-анама, одан кейін өзім білім алатын университет ұстаздарына арнаймын. Барша студенттерге жағдай жасаудан жалықпаған оқу ордасының президенті Ерболат Саурықов ағайға алғысым шексіз», дейді Аружан.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Аймақ абыройын асқақтатқан жампоздар
- 7 қаңтар, 2025
Жуалыда жаңа спорт кешені ашылды
- 30 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді