Теңге күні аталып өтті
15 қараша – төл теңгеміздің айналымға енген күні. Осыдан 29 жыл бұрын егемен еліміз экономикалық тәуелсіздігін алып, ширек ғасыр ішінде теңгеміз түрленіп, банкнот бейнесі бірнеше рет өзгерді. Әл-Фараби, Сүйінбай, Шоқан, Құрманғазы, Абай сынды бабаларымыз бейнеленген банкноттар кезінде дизайнымен әлем елдерін тамсандырып, бүгінде тарихқа айналды. Осы уақыт аралығында ұлттық валютамыздың сырт келбеті ғана өзгеріп қойған жоқ, нарық заңдылығы теңгемізді талай теңселтті. Соған қарамастан, қазақ ақшасы құнын сақтап, елімен бірге жасасып келеді. Ұлттық валюта – теңге күні, еліміздің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің салтанатты жиыны Тараздағы «Достық үйінде» аталып өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысты.
– Төл теңгеміз – ел егемендігінің символы. Айналымға енгеніне 29 жыл толып отырған ұлттық валютамыз – ұлтымыздың мақтанышы. Ең алғаш рет төл теңгеміз Таразға жеткізіліп, аймақтарға біздің өлкемізден таратылғанын бүгінде мақтанышпен айта аламыз.
Қаржыгерлердің қатысуынсыз бүгінде бірде- бір ұжымды, ұйымды елестете алмаймыз. Бұрын қол жеткізген жетістіктер мен алда тұрған міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел экономикасының дамуына өз үлестеріңізді қоса беріңіздер. Осы сәтті пайдалана отырып, жемісті еңбектері үшін бірқатар сала қызметкерлерін облыс әкімінің, облыс әкімдігінің атынан марапаттауға рұқсат етіңіздер, – деді де Нұржан Сәбитұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін бірқатар қызметкерді облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапаттады.
Мұнан соң сөз алған Қазақстан Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин аз-кем теңгеміздің тарихына, бүгінде банк шығарып жатқан инвестициялық, коллекциялық монеталарға тоқталды. Әсем дизайнымен, сапасымен әлем елдерін таңғалдырып отырған монеталардың бүгінге дейін түрлі дәрежеде 23 марапатқа ие болғанын мақтанышпен жеткізді. Қаржы саласын дамыту мен жетілдіру, төл теңгеміздің құнын құлдыратпау – банктің басты ұстанымдары екенін айта келе, бірқатар сала ардагерлерін Ұлттық банк төрағасының Алғыс хатымен мінсіз жұмысы үшін Ұлттық банк облыстық филиалы директорының Алғыс хатымен марапаттады.
Іс-шара барысында банк саласының ардагерлері атынан Айдайбек Халимбетов те сөз алып, әріптестерін құттықтады.
Салтанатты жиын соңы студенттердің FinQ интеллектуалдық ойыны мен концерттік бағдарламаға ұласты.
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді