«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбылдың жампозы Жасұлан

Жамбылдың жампозы Жасұлан
ашық дереккөз
Жамбылдың жампозы Жасұлан

Қыдырбаев тұңғыш рет қазақ зілтеміршілерінің арасынан әлем чемпионы атанды

2 1Апта бойы Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніне жиналған жұртшылық төрткүл дүниенің кіл мықтылары жиналған ауыр атлетикадан әлемдік доданың куәгері болды. Біз Бейжіңдегі олимпиадада Илья Ильиннің топ жарғанына айрықша қуандық. Ерекше ілтипат білдірдік. Лондонда да сол Ильиннің, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедованың, Мая Манезаның көк туымызды көкте желбіреткен сәтін тамашалап, эйфориялық сезімнің құшағына еніп кеткен едік. Ал Алматыдағы әлем чемпионаты қазақ ауыр атлетикасының тарихына үлкен өзгерістер енгізгенімен есте қалары даусыз. Иә, Балуан Шолақ атындағы спорт кешені қазақ елі үшін құтты орынға айналды.

Еліміздің тау көтерген толағайлары бұл додада үш бірдей алтын медаль иеленді. Зульфияның топ жарғанын сүйіншілетіп жазған да болатынбыз. Зульфиядан бөлек қазақтың қара домалақ қызы Жазира Жаппарқұл қазақ ұлтынан шыққан арулар ішінен тұңғыш рет әлем біріншілігінің жүлдесін қоржынға салды. Ол алпыс тоғыз келіде теңдессіз қарсыластарының денін тасада қалдырып, күміс жүлдегер атанды. Жазираның күмісі біз үшін алтынға пара пар болатыны да сондықтан. Жұлқа көтеруде 118 келілік зілтемірді еркін еңсерген қазақ қызы алғашқы жаттығудың қорытындысы бойынша екінші нәтиже көрсетті. Бірінші орын солтүстік кореялық Ре Ун Хьюге тиесілі. Серпе көтеруде төрешілер Жазираның екінші мүмкіндігін есепке алғанда Жазира кейін одан да ауыр салмақты көтеріп, чемпион атанар ма еді? Кім білсін...

Жасұлан серпе көтеруде жасындай жарқылдады. Дәл осы жаттығуда Владимир Седов бір мүмкіндігін қалт жіберіп, 219 келілік нәтижемен көш тізгінін қолға алған болатын. Ендігі кезек те, алтын медальдің тағдыры да жамбылдық жампоздың қолында еді. Ол үшін Жасұлан 229 келіні қиналмай көтеруі керек. Қыдырбаев осы салмаққа тапсырыс берген сәтте талай маман оның мүмкіндігіне сенбеді. Алайда жерлесіміз зілтемірге еркін беттеді де, Илья Ильин секілді батпан темірдің қасында ұзақ тұрмастан кеудесіне алды. Сөйтті де әлгіні аспанға атты! Нәтижелі! Осылайша жамбылдық зілтемірші Владимир Седовтан алтын медальді тартып алды. Валодя қоссайыс нәтижесі бойынша күмісті қанағат тұтты. Тап сол кезде Жасұлан өзінің қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы екенін білген жоқ. Қуаныш пен толқыныс сезімін басынан қатар өткеріп тұрған ол: «Мен әлі талай мәрте көк туымызды көкте желбіретемін» деді. Соңғы кездері облысымыз бойынша спорт саласында жетістіктер жетіп артылады. Әскерилер арасындағы әлем чемпионы Олжас Сәттібаев, Азиада алтынын алып келген дзюдошы Елдос Сметов, каратэдодан құрлықтық ойынның чемпионы Гузалия Гафуровалардың өзі не тұрады? Мұның бәрі облыс әкімі К. Көкірекбаевтың спортқа деген айрықша қамқорлығының арқасы.

Айтпақшы, Седов та ер екен. «Жасұлан Қыдырбаев секілді төл таланттары бар кезде бұл салмақта біздің ауыр атлетиканың тізгінін ұстағандар легионер іздеп әуре болмай-ақ қойсын. Седов спорттан кетті деген қауесет тарапты. Мен бармын! Жамбылдық өрен екеуміз еліміздің байрағын әлі талай биікте желбіретеміз. Өз басым Жасұланды құрметтеймін. Ол теңдессіз талант иесі» деді. «Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді» деген сөз осындай толағайлардың өзара құрметіне арналып айтылғандай. Жасұлан өзін осылайша әлемге танытты. Иә, апта бойы Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніне жиналған жұртшылық төрткүл дүниенің кіл мықтылары жиналған ауыр атлетикадан әлемдік доданың куәгері болды. Біз Бейжіңдегі олимпиадада Илья Ильиннің топ жарғанына айрықша қуандық. Ерекше ілтипат білдірдік. Лондонда да сол Ильиннің, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедованың, Мая Манезаның көк туымызды көкте желбіреткен сәтін тамашалап, эйфориялық сезімнің құшағына еніп кеткен едік. Ал Алматыдағы әлем чемпионаты қазақ ауыр атлетикасының тарихына үлкен өзгерістер енгізгенімен есте қалары даусыз. Иә, Балуан Шолақ атындағы спорт кешені қазақ елі үшін құтты орынға айналды. Еліміздің тау көтерген толағайлары бұл додада үш бірдей алтын медаль иеленді. Зульфияның топ жарғанын сүйіншілетіп жазған да болатынбыз. Зульфиядан бөлек қазақтың қара домалақ қызы Жазира Жаппарқұл қазақ ұлтынан шыққан арулар ішінен тұңғыш рет әлем біріншілігінің жүлдесін қоржынға салды. Ол алпыс тоғыз келіде теңдессіз қарсыластарының денін тасада қалдырып, күміс жүлдегер атанды. Жазираның күмісі біз үшін алтынға пара пар болатыны да сондықтан. Жұлқа көтеруде 118 келілік зілтемірді еркін еңсерген қазақ қызы алғашқы жаттығудың қорытындысы бойынша екінші нәтиже көрсетті. Бірінші орын солтүстік кореялық Ре Ун Хьюге тиесілі. Серпе көтеруде төрешілер Жазираның екінші мүмкіндігін есепке алғанда Жазира кейін одан да ауыр салмақты көтеріп, чемпион атанар ма еді? Кім білсін... Алайда төрешілер Жазира аяғына нық тұрса да мүмкіндікті есепке алмады. Қазақ қызы 144 келілік батпан темірге қайта беттеп, сегіз пұттық штанганы жерден жұлып алды. Осы сәтте солтүстік кореялық спортшы да осы салмақты бойынан асырып, алтынды еншілеп кетті. Дегенмен, әлемдік додада атой салған аруымыздың жүлдеге ілінуінің өзі ерлік. Бұл бір. Енді келесі жаңалыққа көшсек... Ильин – аңыз адам

Алдымен Бейжің олимпиадасы, кейін Лондон төрінде алтыннан алқа таққан Илья батыр қай жарыста, қай салмақта сынға түссін, одан алтын күтіп үйренгеніміз анық. Еліміздің көк Туын көкте желбіретіп жүрген екі дүркін олимпиада чемпионынан жаңа 105 келі салмақта да тек қана үздік нәтиже, рекорд тостық. Ильин үмітімізді ақтады. Қай додада болсын, оның қасынан өзбек жігіті Руслан Нуриддинов табылады. Илья 94 келіде топқа түсіп жүргенде де дәл осы жігіт біздің батырдың басты қарсыластарының бірі болған. Осы жолы да сол сценарий қайталанды. Жұлқа көтеруде Ильин 190 келілік зілтемірді бағындырып, кіші қоланы иеленді. Сайыстың бұл түрінде өзбек жігіті 193 келіні ырқына көндіріп, бірінші орынға жайғасса, 191 келілік нәтиже көрсеткен қытайлық Янг Же екінші орынға орнықты. Серпе көтеру жарысы рекордтар минут сайын жаңарғандығымен есте қалды. Қарсыластарымен психологиялық ойын ойнаған Илья алдымен 233 келіге тапсырыс берді. Оны еш қиналмай бойынан асырды. Осы кезде Нуриддинов 220, 230 келіні көтеріп, екі мүмкіндігін пайдаланып қойған болатын. Үшіншісінде Ильядан қалыспай ол да әлемдік рекордтың мұртын бұзам деп 239 келіге ұмтылды. Аспанға атты. Ал, Илья дәл осы салмақты еңсере алмай, бірер минутқа еңсемізді түсірді. Бұрынғы рекордтың иесі ресейлік Давид Беджаниян жаңа рекордты қайта орнатып, 240 келілік батпан темірді қиналмай бағындырды. Үшінші мүмкіндігі қалған жалғыз Илья. Ол не 242 келіні көтеріп, әлемдік рекордқа түзету енгізіп, әлем чемпионы атануы керек, болмаса қоланы қанағат тұтады. Илья өзінің нағыз батыр екенін тағы бір мәрте көрсетті. Сыр өңірінің алыбы аталмыш салмақты бойынан асырған сәтте сілтідей тынған зал шулап қоя берді! Ильин чемпион! Қатардағы емес, төрт дүркін әлем чемпионы! Бұл Алаш жұрты сарыла күткен алтын еді. Осылайша қазақ елі әлем чемпионатында командалық есепте үздік үштікке енді. Мақсат орындалды. Ильяны Елбасының өзі құттықтады. Батырдың өзі Рио олимпиадасында топ жаратынына сендірді. Қандай ғажап!

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар