Таэквондодан сынға түсті
Аудан орталығы Қаратау қаласында таэквондодан балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы Ернұр Нарбековті еске алуға арналған облыстық ашық турнир өз мәресіне жетті. Айтулы жарысқа Тараз қаласы, Қордай, Меркі, Жуалы, Талас аудандары мен Қаратау қаласының спортшыларынан жасақталған командалар қатысты.
Аталған жарыста бас төрешілік еткен Ернұр Нарбековтің шәкірті, әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ұлттық құрама командасының мүшесі Өмірәлі Нышан құттықтау сөз сөйледі.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшылар медаль, кубок, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




