Еңбекақы мәселесін көтерді
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбеде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесті. Кандидат алғашында өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Содан соң қатысушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олар негізінен әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жоспарларына қызығушылық танытты.
Мейрам Қажыкен медицина қызметкерлеріне лайықты еңбекақы төлеу қажеттігін, сонымен бірге республикалық бюджет тарапынан денсаулық сақтаудың барлық саласын қаржыландыру керек екенін атап өтті.
– Бұл медицина саласындағы кадрлардың жетіспеушілігіне алып келетін өзекті мәселе. Медицина қызметкерлерінің тапшылығын жою үшін, дәрігерлердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы және олардың жалақысын арттыру үшін ілкімді шаралар қажет. Бұл – менің міндеттерімнің бірі. Бұл дамуды қажет ететін әлеуметтік серіктестіктің міндеті, – деген үміткер кездесу соңында Ақтөбеде сайлаушылардың сұрақтары мен тілектерін қабылдайтын штаб жұмыс істейтінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




