Екі боксшымыз Азия чемпионатында
Қазіргі таңда ел назары бокстан Азия чемпионатына ауып тұр. Сары құрлық бәсекесінде Қазақстан құрамасы ерлер арасында 13 салмақ бойынша сынға түсіп жатса, оның екеуі жамбылдық боксшылар. Атап айтқанда, 71 килограмда Асланбек Шымбергенов ( жеке бапкері Ермек Ертаев), 67 килограмда Дулат Бекбауов ( жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков). Дулаттың алғашқы қарсыласы түркімен боксшысы болса, Асланбек филиппиндік боксшыға қарсылас атанады деп күтілуде. Әзірге Қазақстан құрамасынан Санатәлі Төлтаев жарыс жолынан шығып қалды. Өзге боксшылар Азия чемпионатын жеңіспен бастады. Мұнда қыздар арасында да Азия чемпионаты қатар өтуде. «Қайрат Сәтжанов бастаған Қазақстан құрамасы өте жақсы дайындықпен келді. Оқу-жаттығу жиыны, іріктеулер сәтті өтті. Енді нәтижесі де жақсы болады деген сенімдеміз. Дегенмен қиын жекпе-жектер өтіп жатыр. Басқа елдердің құрамаларын да осал деп айту қиын. Қазір барлық мемлекет жақсы дайындықпен келеді. Алайда ел сенімін ақтау жолында барымызды саламыз», дейді тәжірибелі бапкер Нұрлан Ақүрпеков.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




