Құқық
Ұсталғандардың арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, 126 адам адамның соттылығы бар
- author «Ақ жол»
- 7 қараша, 2022
- 104
Ұсталғандардың арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, 126 адам адамның соттылығы бар
Қаңтар оқиғалары бойынша құқық қорғау органдарымен 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Оның ішінде терроризм актілерімен – 27 іс, жаппай тәртіпсіздіктермен – 131 және адам өлтіру бойынша 146 сотқа дейінгі тергеп-тексеру. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов осындай көрсеткіштерді жария етті.
Күдікті ретінде 1 612 адам танылды, оның ішінде 787 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін.
«Ұсталғандардың арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, 126 адам адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін соттылығы бар. Барлық шабуылдар жасау мен оларға қатысушы адамдар бойынша олардың аталған қылмыстарға қатыстылығы жөнінде дәлелдемелер бар. Тергеу сатысында 344 адамға қатысты 296 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде қамауда – 136, үйқамақта – 7, ешқайда кетпеу туралы қолхатта – 144 адам, кепілде – 17, жеке кепілгерлік – 2 және қамауға байланысты емес өзге де бұлтартпау шаралары. Қамауға алынғандардың арасында 46 тыйым салынған экстремистік ағымдардың мүшелері бар. Барлық қамауға алынғандарға қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмек және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде», - деді спикер.Жеке мәліметтерін, денсаулық жағдайын және сипаттайтын факторларды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.
Ұқсас жаңалықтар
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде
- 16 мамыр, 2024
«Қақпа алдында кездесу»
- 1 сәуір, 2024
Хабарландыру
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді