Сеңкібай батырға тағзым
«Тараз-Арена» спорт кешенінде Сеңкібай батырдың 320 жылдығына арналған облыстық ашық турнир өтті. Оған еліміздегі бірқатар облыстан спортшылар келіп қатысты. Турнирді батырдың ұрпақтары, қадірлі ақсақалдар Серікбай Махамбетәлиев пен Әуесхан Байгелов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Бұл жарысты Мұратбек Азимов, Серік Салимов секілді белсенді азаматтар ұйымдастырды. Жарыстың бас демеушісі – танымал кәсіпкер Алтай Қарабеков.
Жарыс оннан астам салмақ бойынша аса тартысты өтті. Әсіресе Жамбыл облысының спортшылары ерекше өнер көрсетіп, жанкүйерлері алдында намысты қолдан бермеді. «Мұндай спорт жарыстары жас спортшылардың шыңдалуы үшін қажет. Осында келіп отырған жасөспірімдерге патриоттық сезім сыйлау үшін керек», дейді Мұратбек Азимов.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




