Мерекелік мәдени іс-шара өтті

Мерекелік мәдени іс-шара өтті
ашық дереккөз
Мерекелік мәдени іс-шара өтті
25 қазан - Республика күніне орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында мерекелік және жаппай мәдени іс-шаралар өткізілді. Бұл күні жазасын өтеушілердің қатысуымен жиын ұйымдастырылып, мерекелік құттықтаулар айтылды. Іс-шараны мекеме бастығы әділет подполковнигі Нұржан Күзембаев сотталғандардың патриоттық сезімін көтеруге бағытталған мерекелік құттықау сөзімен ресми түрде ашты. Жалпы, бұл шарада жазасын өтеушілер рухты ән-күйлерді орындап, қазақтың қара домбырасымен ой салар түрлі термелерді жатқа айтты. Шара соңында мекеме қызметкерлерінен құралған комиссия құрамы жеңімпаздарды анықтап, оларға естелікке күнделікті тұрмысқа қажетті дүниелерді тарту етті. Айта кетейік, №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандар бұған дейін жеңілатлетикалық спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтаған еді.

Ұқсас жаңалықтар