Жас боксшылар жұдырықтасты
Сидней Олимпиадасының чемпионы, елімізге еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ыбырайымовтың жүлдесі сарапқа салынған облыс біріншілігі Құлан жерінде өтті. Шаршы алаңдағы шайқасқа шыққандар негізінен 14 пен 15 жас аралығындағы спортшылар.
Жарыста он аудан, бес қаладан келген 160-қа жуық боксшы төрт салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Бұл ел чемпионатына іріктеу додасы болғандықтан, спортшылар барын салды. Жеңіл салмақта жуалылық А. Спандиярдың жолы болды. Топ жарғандар арасында «Олимп» клубының түлегі Қ. Сапарбай мен облыс орталығындағы бокс мектебінің шәкірттері А. Дүйсенқұл, Р. Абдраман, Ә. Бектасов, Ж. Махамбет, Е. Асқар да бар. Сондай-ақ, Т. Рысқұлов ауданының үкілеген үміті М. Беркінбайға, Жамбыл, Меркі аудандарынан келген Э. Қамшыбеков пен М. Адайбаевтарға тең келер қарсылас табылған жоқ. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов пен әкесі Сағи қажы арнайы қатысты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков, бокс федерациясының директоры Елдос Бабаев, спорт ардагері Феликс Цой, Т. Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Б. Әлпейісов жеңіс тұғырына көтерілгендерді құттықтап, медальдар тапсырды.
Сейсен Қожеке, «Ақ жол».
Т. Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді