- Advertisement -

Жамбыл облысының шекарашылары заңсыз қару-жарақ айналымдарына тосқауыл қойды

77

- Advertisement -

2022 жылғы 9 және 11 қазан аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті бөлімшелерімен сеніп тапсырылған учаскелерде жасырылған қару-жарақтардың 2 дерегі анықталды. Сонымен:

2022 жылғы 10 қазанда шекара сызығынан 500 метрдей, Жамбыл ауданы Бесағаш елді мекеніне қарама-қарсы жерде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК және Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерінен құралған бірлескен жедел топпен ағаштың астынан 1 аңшы қаруы, 1 дана тегіс оқпанды қару мен 27 дана патрондарды анықтады. Қару-жарақтар мен оқ дәрілер алынды. Бұл дерек бойынша Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

2022 жылғы 11 қазанда Қордай ауданының шекаралас Қордай елді мекеніне қарама-қарсы жерде шекара нарядымен 12 данадағы патрондардың жасырын жері анықталды. Табылған оқ-дәрілер Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен тапсырылды.

Сондай-ақ «Айша-Бибі» және «Сортөбе» өткізу пункттерінде шекарадан өтпекші болған оқ-дәрілердің 2 дерегі тәркіленді. Сондай-ақ 17 аңшы патрондары мен 200 гр. оқ-дәрі, 87 дана аңшы патрондарының гильзалары анықталды. «Айша-Бибі» және «Сортөбе» өткізу пункттерінде анықталған патрондар мен аңшы құрал-жабдығына жинақталған элементтер ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 484-бабы 1-бөлігімен әр дерекке бөлек 10 АЕК бойынша әкімшілік айыппұл салуымен Жамбыл және Қордай аудандары бойынша полиция бөлімдеріне тапсырылды.

Шекара маңына қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді анықтау деректері, сондай-ақ оларды шекара арқылы тасымалдауына тосқауыл қою – Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттарды криминогендік элементтермен заңсыз тасымалдаудың үздіксіз әрекеттерінің дәлелі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғау бойынша тапсырманы жүзеге асыру аясында Шекара қызметінің бөлімшелері басқа да құқық қорғау және құзырлы арнайы органдармен бірлесіп, Жамбыл облысының шекаралас аймақтарында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметті жалғастыра береді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support