КСРО спорт шебері, елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы Тоқтаған Абаевты еске алуға арналған турнирге облыс аудандарынан бөлек Алматы, Талдықорған, Семей, Шымкент және өзге қалалардан, көршілес қырғыз елінен ұзын саны жүз алпысқа жуық грек-рим күресінің шеберлері қатысты. Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Тоқтаған Абаевтың бапкері Марат Қосыбаев бастаған бірқатар мәртебелі меймандар облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары, өзгелер арнайы келді. Турнирде № 7 облыстық күрес түрлерінен олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері үздік нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, өз салмақ дәрежелерінде Ербұлан Шәрден, Абылай Сәлімжан, Рамазан Елубаев, Ерлік Елубайлар жеңімпаз атанса, Ораз Әсем де жүлдегерлер санатынан көрінді. Спортшыларды жарысқа дайындаған бапкерлер Серік Әлшанов пен Алмас Дәулетияров екенін де айтып өткен жөн. Өзге де спортшылар жүлделі орындардан көрінді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




