Балғындар бақ сынады
Бауыржан Момышұлы ауылындағы спорт кешенінде Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына және 25 қазан – Республика күніне арналған 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Жуалы ауданының ашық біріншілігі өтті. Жарыстың өтуіне мұрындық болған Жуалы аудандық «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» КММ мен No16 бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі спортшыларға барлық жағдай жасады.
Бұл жарысқа Түркістан облысы, Тараз қаласы, Жамбыл, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Талас, Шу, Жуалы аудандарынан барлығы 8 командадан 111 жасөспірім былғары қолғап шебері Жуалы рингіне шығып, күш сынасты.
Жиырма салмақ дәрежелері бойынша айқасқан боксшылар алдыңғы толқын ағалар көшіне ілесуге деген талаптары мен құштарлықтарын барынша көрсетіп қалуға тырысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша әр салмақта жеңімпаз бен жүлдегер атанған боксшылар медальдармен, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




