Саят Бәтей облыс намысын қорғайды
«Тараз-Арена» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жастар арасында жүгіруден облыстық жарыс өтті. Аталған жарысты танымал марафоншы, Олимпиадаға қатысушы, Азия чемпионатының жүлдегері Тахир Мамашаев ұйымдастырды. Аталған жарыста 100 метр қашықтыққа жүгіруден тараздық Саят Бәтей барлық қарсыластарынан озып, жеңімпаз атанды. Саят Асқарбекұлы мұның алдында да жастар арасында республикалық жарыстардан жүлдемен оралған болатын. Саяттың жеке бапкері– Фарух Рустамович. Енді ірі жарыстарға дайындық жолында Тахир Мамашаевтан тәлім алатын болады. Алдағы уақытта Аят Бәтей республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайды. Жас спортшы келесі жарыстарға дайындықты бастап кетті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




