Жол сапасы – жіті бақылауда

Жол сапасы – жіті бақылауда
ашық дереккөз
Жол сапасы – жіті бақылауда
Жол сапасы – әлеуметтік маңызы бар мәселе. Десе де, салынып жатқан жолдың сапасы қандай, оны бақылау қай мекеменің құзыретінде? Мердігер мекемелер тиісті талапты орындай ма? Осы сұрақтарға «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарынан жауап іздеп көрелік. Мәліметке сүйенсек, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын бақылау мақсатында өңірлік филиалдың қызметкерлері есепті кезеңде 646 рет жолға шығып, қадағалау жұмыстарын жүргізген. Жол құрылыс материалдарынан сынама алынған. Нәтижесінде салынып жатқан құрылыстан 157 ақау табылған. Сонымен қатар, 46 өрескел бұзушылық анықталып отыр. Жалпы, облыс аумағында салынатын республикалық республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын қадағалау үшін арнайы жоспар бекітілген. Ал жол сапалы салынуы үшін жан-жақты қадағаланып, құрылыс материалдары зертханалық тексерістен өткізіледі. «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығы» анықтаған ескертулер мен сапасыз материалдарды қолдану негізінде мердігер ұйымдар жалпы сомасы 144 312 мың теңгеге (оның ішінде республика – 101 499 мың тг, жергілікті желі – 42 813 мың тг) қайта жұмыс жасаған. Сондай – ақ жобаларға орташа жөндеу жобаларына ведомстволық сараптама жүргізу бойынша шарттар жасалса, мұнда 11 731 мың теңге көлеміндегі шарттар жеке ұйымдарға тиесілі. Айта кетейік, бүгінгі таңда барлық кемшіліктер түзетілген. Бірақ, сыннан қорытынды шығармайтын кей мердігерлердің жауапсыздығы құрылысқа кері әсерін тигізетінін есте сақтаған абзал!

Ұқсас жаңалықтар