«Әскер» командасы жеңіске жетті
Әуесқойлар арасында бес айға созылған облыстық кіші футбол турнирінің жазғы маусымы аяқталды. Тараз қаласында жаз бойы өткен бұл турнирден көпшілік үлкен әсер алды. Көптеген үздік командаларды басып озып, ақтық сында «Жуалы жастары» мен «Әскер» командасы жолықты. Аса тартысты өткен ойында бір ғана доп айырмасымен «Әскер» командасы турнир жеңімпазы атанды. Бұл турнирде Жуалы жастарының ұйымшылдығы, белсенділігі талайларды сүйсінтті. Осындай жалынды жастар мен өзге де футболсүйер қауымға қуаныш сыйлап, тамаша шара өткізген ұйымдастырушыларға қатысушылар алғыс айтты.
Турнир алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




