Асарлатып үй салып берді
Таластықтар «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға мұқтаж отбасына үй салып берді. Асар дәстүрі бұл жолы ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сәду Шәкіров ауылында жалғасып, өткен аптада пайдалануға берілген үйдің лентасын аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков пен ақсақалдар алқасының төрағасы Мәдібек Мылтықбаев қиды. Демеушілер есебінен сатып алынған баспанаға жүргізілген жөндеу жұмыстары таяуда толық аяқталып, құтты қоныс иесі Нұртілек Мейірханұлына үйдің кілті табыс етілді. Бұл күні жерлестерінің қуанышына ортақтасқан ауылдықтардың атынан ақ жаулықты аналар шашу шашып, қадірменді қариялар ақ батасын берді.
Ел бірлігінің бекемдігін байқатқан аталған жоба ауданда алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Қыдыр дарыған Қыдырәлі
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




