Жаңа ойын алаңындағы жарыс
Талас ауданы, Ойық ауылдық округінде кіші футбол алаңы елдің игілігіне берілді. Тұрғындардың осынау ізгі қуанышын аудан әкімінің орынбасары Медет Үрістенов бөлісіп, жаңа алаңнан танымал спортшылардың шыға беруіне тілектестігін білдірді. Мұнда Ойық ауылдық округінің әкімі Нұржан Мұхтаровтың ұйымдастыруымен кіші футболдан аумақтық жарыс өтті. Оған Бөлтірік, Көшек, Сейілбек, Ойық, Тұрымқұл, Көктөбе ауылдарынан бірнеше командалар қатысты.
Аса тартысты өткен ойында Ойық ауылының құрама командасы жеңімпаз атанды. Футбол жарысына футбол маманы Бауыржан Несіпбаев төрелік жасады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімінің орынбасары Медет Әбдімашұлы мен ауыл ақсақалы Барбосын Адырбеков марапаттап, медаль, диплом және сыйлықтар табыс етті.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




