Елдос Сметов шын мықты екенін танытты
Ташкент қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты басталды. Жаһандық додада кіл мықтыдан кім мықтыны анықтаған 60 килограмм салмақта жамбылдық жампоз Елдос Сметовтан үміт күткен едік. Сметов сол үмітті ақтады. Жерлесіміз Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуде әзербайжандық Карахам Хусейновтан, екінші айналымда израиль өкілі Матан Кокалаевтан айласын асырды. Ширек финалда тайпейлік Янг Юнг Уэйге ұпай санымен есе жіберді. Бұл кездесуде негізгі уақыт тең аяқталды. Қосымша уақытта тайпейлік балуанның жолы болып, жеңіске жетті. Бірақ, бұл сәтсіздікке Елдос жасыған жоқ. Қайта ширап, жігерлене түсті. Жұбаныш белдесуінде қарсыласын айқын ұтқан Елдос қола жүлде үшін белдесуде де жарыс қожайыны Дилшотбек Баратовтан басым түсті. Осылайша, жаһандық ірі додада жамбылдық балуан ел қоржынына жүлде салды. Қолдан сусып бара жатқанда алғандықтан Елдостың қола жүлдесі алтынға пара-пар.
Айта кетейік, бүгін Ташкент төрінде 73 килограмда әулиеаталық Данияр Шамшаев ел намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ бұл жарыста қазақстандық біраз балуандар жүлдеге қол созады деген үміт бар.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




