«Құлан барысы» анықталды
Жастар арасында қазақ күресінен аудандық «Құлан барысы – 2022» жарысы өтті. Ұлттық спорт сайысын Т.Рысқұлов аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Құландағы спорт кешенінде өткен жарыста ауылдық округтерден барлығы 12 қатысушы бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Тереңөзек және Құлан ауылдық округінің спортшылары Бөберхан Смақов пен Әлихан Ақберді өзара бөлісті. Жүлделі екінші орынды Өрнек ауылдық округінің спортшысы Нұрасыл Молдабеков еншіледі.
Ал Көкдөнен ауылдық округінің спортшысы Нұрдос Қонарбай қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Жарыс жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Aq jol»-Aqparat».
Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




