Ұлағат ізі қалған

 Ұлағат ізі қалған
ашық дереккөз
 Ұлағат ізі қалған

 Ұлағат ізі қалған

  Ұлтым деп ұлы үмітін үзіп алған, Маржанын асыл сөздің тізіп алған. Байтұрсынов беделді биік тұлға, Ұлт ұстазы – ұлағат ізі қалған.   Кең далама данагөй дарын берді, Алаш деп атойлаған арынды ерді. Ана тілін айшықтап Ахметім, Әдебиетке сүбелі сарын берді.   Тілім деді, жұртым деп жанын берді, Су сепкендей сөндірді жалынды өрді. «Халық жауы» деп атап жаза кесті, Ұлы дала туғызған дарынды ерді.   Халқы оның жырына қанықты шын, Ел біледі «Әдебиет танытқышын». Табандылық танытып, халыққа өзін, Ұлы перзенті ретінде танытты шын.    

Нұрсұлу ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ,

жас ақын.

Ұқсас жаңалықтар