Таразда сотталған азаматшаның жазасы жеңілдетілді

Таразда сотталған азаматшаның жазасы жеңілдетілді
ашық дереккөз
Таразда сотталған азаматшаның жазасы жеңілдетілді
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты 26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген азаматшаның жазасы жеңілдетілді. Дәлірек айтқанда, аталған әйелдің жазасының өтелмеген бөлігі жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылып, ол бостандыққа бет алды. Бұған оның жабық мекемеде үлгілі тәртібімен көзге түскені себеп болып отыр. Айта кетейік, аталған азаматша ҚР ҚК-нің 189 бабы 1 бөлігіне сай сот үкімімен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Осылайша, бір жарым жыл темір торға тоғытылған ол кішкентай сәбиімен бірге еркіндікке шықты.

Ұқсас жаңалықтар