Көкпардан турнир басталды
Облыстық ұлттық ат спорты түрлері федерация кубогына арналған көкпардан ересектер арасында республикалық турнир Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы атшабарда басталды. Жарысқа еліміздің бірнеше облысынан командалар келіп қатысуда. Оның арасында Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы облыстарының бәсі жоғары. Алайда «бап шаба ма, бақ шаба ма», оны уақыт көрсетеді. Біз ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момынов баптайтын облыс құрамасынан үлкен үміт күтеміз. Әулиеата көкпаршылары бұл турнирде де жеңістің жолын жаңылмай табады деген ойдамыз. Турнир екі күнге созылады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




