Сурдлимпиадада суырылып шыққан саңлақтар
Биыл 1-15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында XХІV жазғы Сурдлимпиада ойындары өтті. Төрт жылда бір рет өтетін додаға 100 елден 4 мыңға жуық спортшы жиналды. Қазақстан құрамасынан 9 спорт түрі бойынша 65 спортшы қатысты. Соның ішінде, ойындарға Жамбыл облысынан 6 спорт түрі бойынша 13 спортшы лицензия жеңіп алды.
Олар дзюдодан Айдос Түгелбаев, Эвелина Егембердиева, Анна Краморова, Фериде Кара-Оглы, еркін күрестен Ғабит Есжанов, Ғасыр Тұрғынбай, Шыңғысхан Әлдибаев, грекрим күресінен Абзал Досжанов, Нұржан Асан, жүзуден Руслан Райымбеков, Софья Закутняя, таэквондодан Олжас Рысжанов, жеңіл атлетикадан Яна Сибирякова). Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 11медаль (3 күміс, 8 қола) иеленді.
Атап айтқанда, дзюдодан Фериде Кара-Оглы жекелей және командалық жарыста қола медаль, Анна Краморова жекелей жарыста күміс медаль, командалық жарыста қола медаль, Эвелина Егембердиева және Айдос Түгелбаев командалық жарыста қола медаль иеленді.
Ал таэквондодан Олжас Рысжанов жекелей және жұптық жарыста екі қола медальға қол жеткізді. Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде Асан Нұржан қола жүлдегер атанды. Еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде Ғабит Есжанов және 74 келі салмақ дәрежесінде Тұрғынбай Ғасыр күміс жүлдегер атанды.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




