- Advertisement -

Құланнан жеткен қоңыр әуен

70

- Advertisement -

Қасиетті Құланның құнарлы топырағы да таланттарға кенде емес. Сол қайталанбас дарындардың бүгінгі ізбасарлары да талай жиынның ажарын ән-жыр, күмбірлеген күміс күймен ашып жүр. Мұны біз «Әуенді Тараз кештері» тақырыбында «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде (амфитеатр) өткен Т.Рысқұлов ауданы көркемөнерпаздарының концертінен байқадық. Бұл концерттерді бірнеше аптадан бері облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырып келеді.

Құландықтар тамаша іс-шараның шымылдығын Басқар Битанов атындағы халық театрының «Көш керуені» театрландырылған көрінісімен ашса, «Әдемі-ау» халықтық би ансамблінің «Қазақ» биі де сахнаны сәнге бөледі. Аудан өнерпаздары концертке жоғары деңгейде дайындалып келіпті. Атап айтқанда, «Сұлутөр» халықтық вокалды-аспапты ансамблі Досым Сүлеевтің «Қайдасың?», «Күт мені», «Қуанышым менің» әндерімен ерекшеленді. «Құлан әншілері» квартеті Құрмаш Махановтың «Таразым», «Құлан сазы» фольклорлық ансамблі Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау» әндерін кең тыныспен шырқады. Оңалхан Наурызбаев «Туған жерім – Құланым», «Арайлы таң» әндерін жүректерге жеткізді. «Ару қыздар», «Достар» триосы да жүректерге жеткізіп, бебеулетіп әсем ән шырқады.

Сондай-ақ Нұрлан Әмірбетов пен Айша Жүнісованың, Аружан Оразалы мен Ерболат Қылышевтың дуэттері көпшілік көңілінен шықты. Республикалық байқаулардың жүлдегері Аружан Оразалы орындаған халық әні «Желкілдек», «Жасасын өмір» әндері де сәтті шықты. Ал Ақнұр Тілешов «Біз екеуміз», түрік әні «Рина риді» жүрекпен орындап, жүректерге жеткізді. Жазира Шүкеева «Жан гүлім» әнімен жүздеген жүректі жадыратты.

Концерт соңында барлық әншілер құландық ақын Асхат Қылышбектің әні мен сөзіне жазылған «Қазақстан» әнін шырқады. Осылайша, құландықтар қасиетті өнердің үлгілі ордасы екендерін тағы да бір көрсетті.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support