- Advertisement -

Библиотакси сұрақтарымен қызықтырды

91

- Advertisement -

Д. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы және «2022 жыл – Балалар жылы» аясында қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Əуезовтің 125 жылдығына орай библиотакси ұйымдастырылды.

 Іс-шараға байланысты Тараз қаласының Абай даңғылы және Қонаев көшесімен шараға безендірілген такси жолға шықты. Алғаш Абай даңғылына түскен библиотаксиге алғашқы жолаушы болып «Алтай» волейбол клубының спортшысы Аяжан Амангелдиева Абай және Ташкент көшелерінің қиылысынан мініп, ойынымызға қатысты. Қонаев көшесінен №125 Education орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айым Қайратқызы есімді жолаушы отырды. Библиотаксиді инновациялық- әдістемелік бөлімінің кітапханашылары жүргізіп, аталған шараның ережесімен жолаушыны таныстырды.

Библиотакси екі кезеңнен тұрды. «Ойлан,тап» 1 минутта бір сұрақ берілді. Қойылған сұрақтар Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан тұрды. Сұрақтың бірнеше жауабына жолаушы қызыға жауап берді. «Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін» викториналық тренингте, жолаушыларға ұлы жазушының өміріне, отбасылық туыстарына қатысты сұрақтар қойылды, жеңілдік ретінде «Досыңа қоңырау шал» көмегі де ұсынылды. Жолаушылар өздерінің алғырлықтарын көрсетіп, М. Мақатаев, А. Құнанбаев және М. Әуезовтің кітаптарын сыйға алып, баратын бағытына тегін жетті.

Жас ұрпақтың оқу мәдениетін дамытып, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара көпшілікке ұнап, жолаушылар алғыстарын білдірді.

 

Толқын КҮЗЕНОВА,

Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер

кітапханасы инновациялық-әдістемелік

бөлімінің меңгерушісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support