Аумақтық округтердің мәселелері үнемі назарда

Аумақтық округтердің мәселелері үнемі назарда
ашық дереккөз
Аумақтық округтердің мәселелері үнемі назарда
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, ай сайын қала аумағындағы аумақтық округтерде көшпелі кездесулер ұйымдастырылуда. Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаилдың төрағалығымен №4 аумақтық округ тұрғындарымен кездесу өткізілді. Алдымен, округ инспекторының міндетін атқарушы Қ.Нұрланов аумақта халық көтерген мәселелерге сәйкес өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, өткен жылы округ тұрғындарының игілігі үшін толайым тірліктер атқарылған. Атап айтсақ, №22 мектеп жаңадан салынып, қолданысқа берілсе, «Қант зауыты» тұрғын алқабында «Су сорғы станциясы» іске қосылған. Сонымен қатар «Ана мен бала» аллеясы күрделі жөндеуден өтті (демеушілер тарапынан), «Барысхан» тұрғын алқабында жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде, «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы Сельская, Ш.Уәлиханов көшелерінде су құбыры жаңартылған. Урицкий көшесінде орналасқан көпір жөндеуден өткізілген. Жиын барысында тұрғындар атқарылған істерге алғысын білдіріп, шешімін табуы тиіс мәселелерді де қозғады. Округ тұрғындары жарықтандыру, асфальт төсеу, ауызсу тарту, ойын алаңшасын салу, «Тектұрмас» массивіне қатынтайтын қоғамдық көлік жүргізу керектігіне қатысты бірқатар мәселе көтерді. Жұртшылық сауалдарына қала басшылығы тиісті жауаптар берді. Келер аптада жол жөндеу жұмыстарының басталатындығы, қоғамдық көлікті шешу, ауызсумен қамту мәселелері де назардан тыс қалмай, жоспарлы іске асырылатыны жеткізілді. Жиын соңында Қайрат Әбілханұлы азаматтарды жеке қабылдап, бөлім басшыларына заң аясында шешімін табуы тиіс сұрақтарды тез арада қолға алу керектігін тапсырды. Кездесу барысында көтерілген барлық мәселе жауапты тұлғалар тарапынан ұдайы бақылауда болады.  

«Aq jol»-Aqparat».

Ұқсас жаңалықтар