күшіктің көлеміндей өрмекші табылды

күшіктің көлеміндей өрмекші табылды
ашық дереккөз
күшіктің көлеміндей өрмекші табылды

Арахнолог ғалым Петр Наскрецки Оңтүстік Американың Суринама тропикалық орманында күшіктің көлеміндей болатын алып өрмекші тауып алды. Зерттеушінің айтуынша, оны өрмекшінің көлемінен бұрын шығарған дыбысы таңқалдырған. «Ол қозғалған кезде аяқтары жылқы тұяқтары сияқты тықылдаған дыбыс шығарды», – деп жазады зерттеуші өз блогында. Бұл құсжегі-голиаф (Theraphosa blondi) болып шықты, ол – әлемдегі ең үлкен өрмекші. Оның бунақаяғының адымы сәбидің құлашындай болады, салмағы 180 грамнан асады. Өрмекші азуымен адамның терісінен оңбай тістей алады. Наскрецкидің айтуынша, оның бір азу тісінің ұзындығы 5 сантиметрге жуықтайды екен. Алайда, құсжегі тістегеннен адам өлмейді. Аты «құсжегі» болғанымен бұл жәндік құстарға шабуылдамайды, ол шыбын-шіркеймен, қоңыздармен, бақа-шаянмен, жылан-кесірткемен, балықтармен және ұсақ кеміргіштермен қоректенеді.

Ұқсас жаңалықтар