Қара басудан қалай құтылуға болады?

Қара басудан қалай құтылуға болады?
ашық дереккөз
Қара басудан қалай құтылуға болады?

Кейде адам ұйқы мен ояу арасында бастырылып, қимылдауға шамасы келмей, бейнебір күш тырп еткізбей байлап тастағандай күй кешеді. Мұны қазақ тілінде «қара басу» десе, түрік тілінде «karabasan», араб тілінде «кабус  (كابوس)» немесе «жәсум (جَاثُومٌ)» деп атайды. Кейбір болжамдарға қарасақ, қара басуды – жын басу деп түсіндірген. Бұл  денесінде электромагниті көп кездесетін кісілерде жиі болатын құбылыс екен. Өйткені, жын көбіне электромагниті көп адамдарға жақын жүретін көрінеді. Ал медицина мұны «ұйқы кезіндегі сал» деп атайды. Адам миы кенеттен оянып кеткенімен, дене параличі бірнеше минут бойы жалғасады. Яғни, адам миы ояу болғанымен, денесі әлі ұйқы кезеңінде. Дененің қозғала алмай қалуы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін жалғасады. Алайда, оны бастан өткерген адам үшін ол бірнеше минут емес, одан әлдеқайда көп уақыт болып көрінеді. Қандай болғанда да, бұл құбылыстан сізге келер ешбір зиян жоқ. Тек жатар алдында дәретпен жатуды әдетке айналдырыңыз. Сосын ұйқыға кетпес бұрын «Аятүл күрсиді» және «Фалақ» пен «Нас» сүрелерін оқуды ұмытпаған жөн. Негізінен төсекке жатарда оң жағыңызбен жатқан дұрыс.

Ұқсас жаңалықтар