
Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны құрбандыққа шалған қойдың тілінен алтын жүзік шыққан. Әбдірахман Ыбыраев Құрбан айт қарсаңында базарға барып, құрбандыққа шалуға мал алады. Базардан алған малын әкесінің үйіне әкеліп, Құрбан айтқа бағыштап, шалады. Мал етінің үштен бірін және басын шаңыраққа алып қалып, қалғанын жоқ-жітіктерге таратып береді. Басын үйітіп болып, жағын айырып, тісін қаққалы жатқанда күтпеген жағдайға тап болады. Қойдың тіліне алтын жүзік жабысып тұр екен. Тілдің ортасындағы ойыққа сіресіп қатып қалыпты. «Шамасы қозы шағында қолдан сүт бергендіктен бе, әйтеуір, жабысқанына біраз уақыт болған. Бәлкім, алтын жүзік сол кезде саусақтан сырғып түсіп тілге байланды ма, белгісіз», – дейді ол. Кім біледі, мүмкін бұл да пендесіне берген Жаратқанның сыйы шығар?...
Ұқсас жаңалықтар
Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі Алматыға табысталды
- 13 маусым, 2025
Әскери бөлімдерде бейнебақылау орнатылады – Бас Прокурор
- 10 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді