Автокөлік, теледидар «қорымдары»

Автокөлік,  теледидар «қорымдары»
ашық дереккөз
Автокөлік, теледидар «қорымдары»

Әлем елдерінде техникаға арналған түрлі «қорымдар» бар. Мәселен, Бельгияның оңтүстік бөлігіндегі Шатийон атты кішкентай елді мекен маңындағы орман ішінде автомобильдерге арналған үлкен «қорым» орналасқан. Бұл жердің тарихы сонау екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бастау алады. Мұнда бес жүзге жуық ескі автокөліктің қаңқасы жатыр. Соғыс аяқталған тұста американдықтар әскери базасын тастап кеткен. Олардың соғыс уақытында мұншама көлікке қалай қол жеткізгендіктері белгісіз. Белгілісі, олар мұхиттың арғы жағындағы үйлеріне көлікті апару қымбатқа түсетіндіктен, барлығын осында тастап кеткен. Кейбір коррозияға ұшырамағандарын жергілікті тұрғындар мен коллекционерлер талап әкеткен. Ал Қытайдың Хунань провинциясындағы Чжучжоу қаласының шет жағында теледидар «қорымы» бар. Бүгінде онда 80 мыңға жуық ескі теледидар жатыр екен.

Ұқсас жаңалықтар