Сақалды әйел

Сақалды әйел
ашық дереккөз
Сақалды әйел

Сақалды әйелді көріп пе едіңіздер? Ал Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт кентіндегі Тұрбат ауылында 64 жастағы сақалды апа тұрады. Мутабор Тораеваны ауылдастары «сақалды апа» деп атайды. «Бұл сақалды әдейі қойған емеспін. Жас кезімде үрейленіп, Ташкенттің дәрігерлеріне тексерілгенмін. Олар мұның ешқандай қаупі жоқ екендігін, қан арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілетіндігін айтты», – дейді өзі. Мутабор апаның айтуынша, қазір сақалының ұзындығы 16 сантиметрді құрайды. Сақал-мұрт оның анасында да, нағашы әжесінде де болған. Бір ауылда тұратын әпкесіне де сақал өседі. Бірақ ол жұрттан ыңғайсызданып алып тастайды екен. Ал Мутабор апа дін жолында жүрген адамдардың сөздеріне құлақ асып, оғаш көрінсе де сақалына ұстараның жүзін тигізбеуді ұйғарыпты.

Ұқсас жаңалықтар