Геннадий Головкин британдық Мартин Мюрреймен жекпе-жекке шығады
- author «Ақ жол»
- 27 қазан, 2014
- 328
Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) аталымдарында әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін британдық боксшы Мартин Мюрреймен өткізеді, деп хабарлайдыVesti.kz.
K2 Promotions және Golden Gloves промоутерлік компаниялар екі боксшы жекпе-жегін өткізуге өз келісімдерін берген. Жекпе-жек 2015 жылы 21 ақпанда Монакода өтетін болады. Орта салмақта әлем чемпионы атағынан бұрынғы үміткер Мартин Мюррей кәсіби бокста 29 кездесу өткізсе, қарсыластарынан бір рет жеңіліп, бір рет тең түскен. Және ол 12 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған екен.
Геннадий Головкинмен арада өткелі отырған жекпе-жекке байланысты пікір білдірген британдық "Мен орта салмақтағы кез келген боксшыны жеңе аламын". "Егер мен өз өзіме сенбесем, бұл кездесуге келісімімді бермес едім. Геннаның бұған дейінгі қарсыластары рингке жеңіліп барып шыққанын айта кетуіміз керек. Ал менің жөнім бөлек", - деді 32 жастағы боксшы.
Еске саламыз, Геннадий Головкин өзінің соңғы жекпе жегін қазанның 19-ы күні АҚШ-та өткізген болатын. Ол уақытта Гена өз қарсыласын Марк Антонио Рубионы екінші раундта-ақ нокаутқа жіберген болатын. Соның арқасында Гена өз салмақта WBA (Super) және IBO-дан бөлек WBC аталымының уақытша чемпион атағын қоса ұтып алған болатын. Сол жеңістен кейін Головкин P4P рейтингінде үздік нокаутерлар тізімінде өз жағдайын біршама жақсартып алды.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді