Облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты

Облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты
ашық дереккөз
Облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев облыстағы эпизоотиялық жағдай туралы баяндап берді. Айтуынша, ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жоспарына сәйкес 473 975 төл АШЖБ дерек қорына тіркелген.  Ветеринариялық іс-шаралардың қорытындысына сүйенсек, соңғы 3 жылда жануарлар арасында анықталған ауру ошақтары жылдан жылға азайып келеді. Мәселен, бруцеллезге шалдыққан мал саны соңғы жылдармен салыстырғанда біршама кеміген. Атап айтқанда, ірі қара 326 286-ға, яғни, 12 пайыз, қой-ешкі 1617-ден 911-ге, яғни 43 пайызға төмендеп, нәтижесінде адамдар арасында да бруцеллезге шалдығу 23 пайызға азайған. Бүгінде қала және аудандар құрамында 11 ветеринариялық станция мен 160 пунктілерінде барлығы 1314 қызметкер жұмыс атқарады. Ветстанциялар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын болуына байланысты ақылы қызмет аясын кеңейту үшін аудандарда ветеринариялық клиникалар мен дәріханалар ашық. Ал шалғай орналасқан елді мекендерде жануарлардың жұқпалы емес, инвазиялық және мемлекеттік тапсырыс тізіміне енбеген ауруларды емдеу және хирургиялық көмек көрсету сияқты 139 ветеринариялық дәріхана мен 11 клиника тұрақты қызмет көрсетуде. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсанында жануарларға жауапты қарау туралы заңы күшіне енді. Осыған орай, Тараз қаласы және 6 ауданда иесіз қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орны және 8 ауданда «Беккер» шұңқырының жер телімдері нақтыланып, ЖСҚ-ры дайындалды. Сонымен қатар иесіз қаңғыбас жануарлар жаппай жиналған жағдайларға байланысты жеке және заңды тұлғалардың ветеринариялық станциясына түскен жазбаша немесе ауызша өтініштері жүзеге асырылуда. Қажеттілігіне қарай ауылдық округтерде жануарлар өлекселерін залалсыздандыруға арналған 39 биотермиялық шұңқырлар бар. Ал 189 сібір жарасы ошақтары көмінділерінің барлығы талаптарға сай бетондалып қоршалған және «Қауіпті аймақ» тақтасы ілініп, топографиялық картаға енгізілген.

Айтолқын КЕНЖЕБЕКОВА

Ұқсас жаңалықтар