Алматы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Алматы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөз
Алматы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Алматы Полиция департаментінің басшысы болып Арыстанғали Заппаров тағайындалды. Президент Әкімшілігімен келісім бойынша Алматы қалалық ПД бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Заппаров Арыстанғали Расилханұлы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Полиция департаментінің жаңа басшысын ұжымға таныстырды. Арыстанғали Заппаров 1969 жылы дүниеге келген. 2019-2022 жылдары ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының Полиция департаментін басқарған.  

Ұқсас жаңалықтар