Абаевтың шәкірті – Азия чемпионы

Абаевтың шәкірті – Азия чемпионы
ашық дереккөз
Абаевтың шәкірті – Азия чемпионы
Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында еркін күрестен 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында Меркідегі №22 балалар мен жасөспірімдер мектебінің түлегі Мерей Базарбаев барлық қарсыласын айқын ұтып, Азия чемпионы атанды. Айтулы жеңіске Мерейдің жеке бапкері Нұрбай Абаевтың қосқан үлесі ерекше. Бұл меркіліктердің ғана емес, Жамбыл өңірінің тамаша жеңісі. Енді Мерей Базарбаев алдағы күз айларында өтетін маңызды халықаралық жарыстарға қатысу үшін аз ғана демалыстан соң, қызу дайындыққа кіріседі. Осылайша, еркін күрестің жарқын болашағы Меркі жерінен де шығып отыр. Мерей алдағы жарыстарда да мерейімізді өсіре берсін деген тілегіміз бар.

Әлихан НҰРАЛИЕВ,

журналист.

Меркі ауданы

Ұқсас жаңалықтар