2025 жылға қарай жамбылдықтар 100 пайыз ауыз сумен және газбен қамтылады

2025 жылға қарай жамбылдықтар 100 пайыз ауыз сумен және газбен қамтылады
ашық дереккөз
2025 жылға қарай жамбылдықтар 100 пайыз ауыз сумен және газбен қамтылады
БАҚ өкілдерімен өткен кездесуінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов халықты көп толғандыратын мәселенің бірі – коммуналдық шаруашылық саласы екенін ашып айтты.  width=
- Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы ауыз су мен көгілдір отынға қол жеткізу бағытында атқарылатын жұмыс бағытымызды айқындадық. Бүгінге облыстағы ауылдық елді мекендердің 269-ы (622 мың тұрғын) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл тағы 30 елді мекендегі  40,2 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Сондай-ақ,  биыл қосымша 17 елді мекендегі 10 мың үй  газға қосылады.   Осылайша даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай облыстағы 371 елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылып, табиғи газды тұтынатын болады,-деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Бұл межеге қол жеткізу үшін 62 ауылға су құбырын тартып, 40 ауылдың ауыз су жүйесін жаңғыртып, 31 ауылға су тазалау блок модулі орнатылады.  width= Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыстағы 36 елді-мекенде ауыз су кестемен беріледі десек, биыл аталған ауылдардың саны 30 пайызға дейін қысқармақ. Сонымен қатар, 15 елді мекенге газ тартып, 50 елді мекенге табиғи газ жүйелерін тарту арқылы және 2 автономды газ тарату станциясының құрылысы жүргізіліп, бұл мәселе де оң шешімін табатын болады.  width= Облыс әкімі өз баяндамасында 2025 жылға дейін облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 99,5 пайызға, елді-мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 94,1 пайызға дейін жеткізу көзделіп отырғанын баса айтты.

Ұқсас жаңалықтар